Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды

12 Қараша 2015, 19:45
0
© mzsr.gov.kz
© mzsr.gov.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 901 қаулысымен Біртанов Елжан Амантайұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Тағайындауға дейін Елжан Біртанов "Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы" ЖШС Басқарма басшысы қызметін атқарды.

Елжан Біртанов 1971 жылдың 18 қазанында Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ол Алматы медициналық институтында, Аризона штатының университетінде, Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім академиясында, Шарите университеттік клиникасында (Германия), Тұран университетінде, Duke University, Fuqua School of Business (АҚШ), Global Executive MBA магистратурасында білім алған.

Ол Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету емханасының дәрігер-реаниматологы, Республикалық токсикология орталығының жетекшісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологі,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Денсаулық сақтау саласын дамыту институты" РММ директоры, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма басшысының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, сондай-ақ, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма басшысы қызметтерін атқарған.  2014 жылдың мамыр айында Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығының Басқарма басшысы болып тағайындалған болатын. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымдарының докторы.

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 9 қазандағы қаулысымен Қайырбекова Салидат Зикенқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Бірінші вице-министр қызметінен босатылған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай