11 қаңтар 2021 08:36

Елімізде 11 қаңтарда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жылынып, жауын-шашын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.


Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жылынып, жауын-шашын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атлантикалық циклон әскерінен ауа температурасы жоғарылайды, сондай-ақ елдің солтүстігінде, орталығында қар жауып, батыс, солтүстік-батысында жаңбыр және қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел жылдамдығы күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде жел жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Аймақта ескерту жарияланды.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, тұман болып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Бұл облыстарда да ескерту жарияланды.

Жамбыл және Алматы облыстарында тұман түсіп, жылдамдығы секундына 15-22 метрге дейін жететін жел соғуы ықтимал. 

Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында бұрқасын болады. Аймақтарда ескерту жарияланды. 

Түркістан және Қызылорда облысында тұман түседі. Түркістан облысында ескерту жарияланды. 

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кейде 25 метрге жетеді. Аймақта ескерту жарияланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети