Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Елімізде 2018 жылға қарай жұмыс істейтін адам табу қиындауы мүмкін

11 Маусым 2015, 18:57
0
© mn.ru
© mn.ru

Қазақстанда алдағы жылдары еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының өсімі төмендейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ДСӘДМ "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-сараптама орталығы" АҚ мәліметінше, республика тұрғындарының болжалды санына сәйкес 2018 жылға дейінгі кезеңде еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының өсімі алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір төмен болады. Басты себеп ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда 1990 жылдары болған демографиялық құлдырау болып отыр.

"Ол кезде экономикада болған дағдарыстық көріністер 21 ғасырдың басына дейін туу көрсеткіштеріне кері әсерін тигізді. Сарапшылар соңғы жылдары еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының өсімі біртіндеп төмендеп келе жатқанын айтады. Мысалы, биылғы өсім - 0,2 пайыз, келесі жылы - 0,14 пайыз, 2017 жылы - 0,08 пайыз, ал 2018 жылы ең төмен көрсеткіш 0,03 пайыз болады", - делінген хабарламада.

Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл үрдістердің негізгі себептері мынада: 16-24 жас аралығындағы жастардың биылғы саны, яғни 2,4 миллион 2018-2021 жылдары 2,1 миллионға дейін азаяды. Болжамға сәйкес, жастардың саны 2015 жылғы деңгейге тек 2025 жылы жетеді.

Сонымен қатар, мамандар зейнеткерлік жастағы тұрғындар саны биыл 1,6 миллион болса, 2018 жылы 2,1 миллионға жетеді деп отыр. Сарапшылардың болжамынша, болашақта зейнеткерлік жастағы азаматтар саны (зейнеткерлікке шығатын қазіргі жасты есепке алғанда) артып, Қазақстан тұрғындарының жиынтық саны қазіргі 10,6 пайыздан 2030 жылы 14 пайызға және 2050 жылы 15,6 пайызға жетеді.

"Яғни, алдағы жылдары республика экономикасының дамуын есепке ала отырып, жұмыс берушілер жаңа жұмыскерлерді жалдауда проблемаға тап болуы мүмкін. Екінші жағынан, жұмыссыздық деңгейі әрі қарай төмендеуі тиіс. Ресми мәлімет бойынша, 2014 жылы жұмыссыздар саны 451 мың адам болды, оның ішінде 26 пайызы ешқандай жұмыс таба алмағандарын айтқан", - делінген министрліктің хабарламасында.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай