08 маусым 2018 17:22

Елімізде 2025 жылға қарай аз қамтылған азаматтардың табысын арттыру жоспарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан халқының 40 пайызы - "аз қамтылғандар". Олардың табысы 2025 жылға қарай 22,8 пайыздан 27 пайызға артады. Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан халқының 40 пайызы - "аз қамтылғандар". Олардың табысы 2025 жылға қарай 22,8 пайыздан 27 пайызға артады. Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының аясындағы елдегі жоспарлардың қатарында халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өсімін 46,1 мың АҚШ долларына дейін, еңбек өнімділігін жылына орташа есеппен 4,7 пайызға жеткізу міндеті тұр.

"Сіздің біздің алдымызға қойып отырған елдің әлеуетін көтеру міндеті халықтың өмір сүру сапасының артуымен қатар жүруі қажеттігін жақсы түсінеміз", - деді Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына қарата.

Бұл үшін, Қазақстан ҰЭМ басшысының айтуынша, халықтың өмір сүру жасының ұзақтығын 72 жастан 75-ке дейін көтеру, аз қамтылған 40 пайызы халықтың табысын жалпы табыс көлемінің 22,8 ынан 27 пайызға дейін арттыру, орта білім беру сапасын PISA тестін (Оқушылардың білімдегі жетістігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы) қолдану арқылы жақсарту қажет.

"Қойылған міндеттерге қол жеткізудің негізі 2050 Стратегиясын жүзеге асырудағы 7 жүйелік өзгерістер мен 7 басым саясаттың үйлесімділігі", - деді министр.

Мәселен, стратегияны жүзеге асыру саясатының бірі "Жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету саясаты" болып табылады.

"Ол халықтың әлеуметтік және тұрғын үй стандарттарын кезеңдік жақсартуға бағытталған. Бұл жерде біз сіздің 5 әлеуметтік бастамаңызды толықтай жүзеге асыруға тиіспіз", - деді Қазақстан ҰЭМ басшысы.

Министр сондай-ақ еліміздің алдында жеті жүйелік өзгерістердің аясында барлық кадр даярлау жүйесін қайта бағдарлау мәселесін шешу; технологиялық жаңартуды іске асыру; жеке саланы жандандыру; әлем елдерімен ынтымақтастықта қолайлы сауда режимін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлықты жою; өңірлердің экономикалық дербестігін арттырудың есебінен дамыту және тағы басқа міндеттер тұрғандығын еске салды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети