Елімізде алдағы күндері ыстық ауа райы сақталады

26 Шілде 2017, 13:09
0
Елімізде алдағы күндері ыстық ауа райы сақталады -

Синоптиктер елімізде 27-29 шілде күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап

"Алдағы үш тәулікте Иран аудандарынан келген құрғақ және ыстық ауа массалары бұрығысынша Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысына әсер етеді. Сондықтан өте қатты ыстық ауа температурасы күндіз 33-39 градус, кей жерлерде 40-45 градус сақталады. Ал республиканың солтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттар өтеді, сондықтан осы өңірлерде қоңыржай жылы ауа райы болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін", - деді мамандар.

Сонымен қатар, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның орталық және шығыс аудандарының кей жерлерінде өткінше жаңбыр жаууы мүмкін және ыстықтың әлсіреуі болжанады.

Мамандардың айтуынша, 28-29 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау, Манғыстауда , 29-30 шілдеде Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай