26 наурыз 2014 16:47

Елімізде жыл сайын 600-ге жуық бала ісік ауруына шалдығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Жыл сайын елімізде  600-ге жуық бала қатерлі ісік ауруына шалдығып отыр, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 


Жыл сайын елімізде  600-ге жуық бала қатерлі ісік ауруына шалдығып отыр, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Риза Боранбаева өткен жылдың қортындысы бойынша 583 баланың қатерлі ісік дертіне шалдыққаны анықталғанын айтады. "Оның ішінде 133 бала - аққан ауруымен сырқаттанса, 450 бала өзге ісік түрлеріне шалдықты", - дейді ол.

 Бүгінде еліміз бойынша науқас балалардың 5 жылдық өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 75 пайызға жетса, Ресейде бұл меже 78 пайыз шамасында.

"Қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 7 пайызды, 3-10, 10-15 жасқа дейінгі балалар - 20 пайызды, 15 жастан жоғары балалар 31пайызды құрады", - дейді Р.Боранбаева.

Қазақстанда балалар онкологиясы бойынша аққан ауруы 34 пайызды құраған. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінде менлимфома ісігі артып, 17 пайызға жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети