30 сәуір 2014 18:10

Елімізде қабылданатын заң жобаларын ғылыми тұрғыда сараптауымыз қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©"Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ баспасөз қызметі ©"Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ баспасөз қызметі

Елбасының халыққа бағдар еткен маңызды құжатын түсіндіру үшін Алматыдағы "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына" Сенат депуттары келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елбасының халыққа бағдар еткен маңызды құжатын түсіндіру үшін Алматыдағы "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына" Сенат депуттары келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Людмила Полторабатько мен Жұмабек Төрегелдинов ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" акционерлік қоғамында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Қазақстан халқына арнаған Жолдауын орталық қызметкерлерімен бірге талқылап, насихаттады.

Қазақстан Президентінің халқына Жолдауындағы ережелерді жан-жақты талқылаудан кейін Парламенттің заң шығару қызметі туралы пікір алмасылды. Атап айтқанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарында көзделген мәселелер белсенді түрде талқыға салынды. Депутаттар құжаттың негізгі мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірме берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заң Қазақстанның рұқсат беру жүйесінің бірқатар мәселелерін шешуге бағытталғаны атап өтілді. Сонымен бірге кездесу барысында қоғамдағы әлеуметтік әлсіз топтарды (зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларды, мүгедектерді) қорғау ұлғая түскені, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі реформалау және жетілдіру жайында пікір алмасылды.

Өз кезегінде "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ-тың Президенті Әділ Ыбыраев орталықтың ғылыми жұмыстарын таныстырды. "Әрине біздің орталықта ғалымдар соншалықты көп болмағанымен, алайда біз бүкіл ғалымдарды игі істерімізге сарапшы ретінде тартып, олармен ақылдасып, бірлесіп жұмыс жасай аламыз. Өйткені студенттердің диплом жұмыстарынан бастап, ғылым докторларының диссертацияларының бәрі біздің орталықта жинақталады. Оның үстіне бүкіл әлем ғалымдарының еңбектерін жариялайтын Thomson Reuters орталығы бар. Сонымен бірге Elsevier B.V. компаниясының ғылыми базалық мәлімет қоры жұмыс істейді. Біз ондағы жарыққа шыққан материалдарды еркін пайдалана аламыз. Мысалы қарапайым су мәселесі немесе зейнетақы жүйесін дамыту проблемалары шетелде ғылыми тұрғыда қалай шешілген екен, біз олардың жұмыстарымен танысып, өзіміздің сала ғалымдарын шақырып, бізде осы мәселені ғылыми негізде шешудің жолдарын қарастыруымызға болады. Біз осылай кез келген мәселені ғылыми тұрғыда, шетелдік тәжірибені ескере отырып, бірлесіп шешетін болсақ, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізетініміз сөзсіз. Сондықтан елімізде қабылданатын заң жобаларын ғылыми тұрғыдан сараптап отыруымыз қажет",- деді "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" АҚ-ның Президенті Әділ Ыбыраев.

Айта кетейік, ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты "ҰҒТАО" АҚ-ы Қазақстан бойынша ғылыми-техникалық ақпараттың қорын қалыптастыру, ғылыми ортаны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, отандық ғалымдар мен мамандардың шетелдік ғылыми-техникалық ақпарат көздеріне шығу жолдарын қамтамасыз етіп келе жатқан ірі ақпараттық орталық болып саналады. Қазіргі таңда Орталықтың 9 облыста бөлімшесі, республикалық ғылыми-техникалық кітапханалар желісі, ҚР Патенттік қоры Қазақстанның ғылыми-техникалық ақпараттық жүйесін қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосуда. "ҰҒТАО" АҚ ТМД елдері арасында ақпараттық-талдау орталықтары арасында алдыңғы орында келе жатқан ғылыми мекеме ретінде танымал.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети