23 қазан 2020 10:06

Елімізде корей кеспесін сатуға тыйым қандай жағдайда алынатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Қазақстанның Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті елімізде тыйым салынған корей кеспесі қандай жағдайда қайтарылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті елімізде тыйым салынған корей кеспесі қандай жағдайда қайтарылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшілердің ресми сауалына санинспекторлар кеспені корей тарапы өндірушіні тексергеннен кейін ғана сатуға тыйым алып тасталатынын хабарлады. 

"Азық-түлік тауарларын әкелуге және сатуға тыйым салуды алып тастаудың негізіне Корея Республикасының уәкілетті органдарының тиіс санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың орындалуы туралы хабарламасы және осы өнімді өндірушіге бақылауды күшейту жатады.

Өнімдерді бақылау зертханалық жұмыстарының нәтижелері "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" және "Тамақ өнімдері олардың таңбалануы тұрғысынан" Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келуі керек", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Еске салайық, 14 қазанда Қазақстан корей кеспесін әкелуге тыйым салған болатын. Мамандар кеспе қаптамасында өнімдегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат болмағанын атап өтті.

"Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9 пайыздан аспауы керек. Белгіленген талаптарға, оның ішінде халықаралық Кодекс Алиментариус тамақ стандарттарына сәйкес тамақ өнімінің  құрамында ГМО 0,9 пайыздан аспауы керек. Тамақ өнімдері міндетті түрде таңбалануы шарт. Бұл өнім мониторинг барысында анықталды. Өнім Алматы қаласының сауда объектілерінен: ЖК "Алма", дүкен "Майбұлақ" және "Мила" ЖК Калиева А. А-дан сатып алынған. Қазіргі таңда сәйкес келмейтін өнімді анықтау және оны сатудан алу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети