12 қыркүйек 2018 11:06

Елімізде оқулықтар қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР БҒМ © ҚР БҒМ

Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде оқу және анықтамалық әдебиеттердің бағасы 6,4 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.


Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде оқу және анықтамалық әдебиеттердің бағасы 6,4 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Оқу-анықтамалық әдебиеттер қыркүйек айына қарай 6,4 пайызға қымбаттап, орташа есеппен алған 1,3 мың теңгеге дейін қымбаттап кеткен.

2018-2019 оқу жылы қарсаңында 12 миллионнан аса оқулық сатылды: 3,6 және 8-сынып оқушылары үшін. ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің мәліметіне қарағанда, осы сыныптарда 906 мың оқушы оқиды.

"Бүгінде республика бойынша оқулықтардың 92,5 пайызы өңірлерге жеткізілді. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қалаларына оқулықтар 100 пайыз жеткізілді.

Бірақ сарапшылардың сөзіне қарағанда, кейбір өңірлерде оқулықтар толықтай жеткізілмеді: Ақмоладағы 6 ауданға, Қостанайдағы 3 ауданға, Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ауданға, Қызылорда облысындағы бір ауданға оқулықтарды жеткізу мүмкіндігі болмағандықтан олар өз беттерінше жеткізіп алуы тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети