Еліміздің алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды Фото: elements.envato.com

23 қаңтарда Қазақстанда қатты аяз болады. "Қазгидромет" синоптиктері ауа температурасының төмендеуіне, боран мен тұманға байланысты алты облыста ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


23 қаңтарда Қазақстанда қатты аяз болады. "Қазгидромет" синоптиктері ауа температурасының төмендеуіне, боран мен тұманға байланысты алты облыста ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23-24 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 38 градус аяз болады. Көкшетауда 23-24 қаңтарда түнде ауа температурасы 32-34 градусқа дейін төмендейді.

23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырауда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

23 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23 метр болады. Қызылордада 23 қаңтарда күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғытын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

23-24 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді, 24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градусқа дейін қатты аяз болады. Петропавлда 23 қаңтарда түнде ауа температурасы 32-34 градусқа дейін төмендейді, 24 қаңтарда түнде 37-39 градус қатты аяз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +30
Ақтау +26
Ақтөбе +24
Атырау +25
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +30
П
Павлодар +30
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +25
Тараз +34
Түркістан +19
О
Орал +28
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер