30 сәуір 2021 09:07

Еліміздің бас санитария дәрігері қазақстандықтарға үндеу жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Казанғапова Фото: Тұрар Казанғапова

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов шетелге баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.


Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов шетелге баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"Жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы нашар елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған бәріңізге мәлімдеме жасағым келеді.

Мен коронавирус инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропа, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне барудан бас тартуды сұраймын. Бұл елдерде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандар саны еселеп артып, антирекорд көрсеткіш көрсетіп жатыр.

Ғалымдар коронавирус инфекциясының жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіреді деп дабыл қақты.

Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екенін ұмытпаңыз", - делінген бас санитария дәрігерінің хабарламасында.

Бұған дейін ДДҰ коронавирустың жаңа штамы тез таралса, Үндістандағы жағдай әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін деп ескерткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети