02 тамыз 2021 08:37

Еліміздің бес қаласында жаңа шектеулер күшіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Дүйсенбіде, 2 тамызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында жаңа карантин шектеулері күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дүйсенбіде, 2 тамызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында жаңа карантин шектеулері күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа шектеулерге сәйкес:

  • орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, Денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі тоқтатылды;
  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80 пайызын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру міндетті (вакцина алмағандарды және соңғы үш ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда).

Ashyq-тан тыс жерлерде: құрылыс жұмыстарын жүргізуге, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне, байланыссыз қызметтер көрсетуге (көлік жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімдерді, тігін ательелерін, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және басқалар), гүл дүкендеріне, фотосалондарға, туркомпаниялардың қызметіне, бизнес-орталықтардағы жекелеген қызмет түрлеріне: сақтандыру компанияларына, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтеріне, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктерге, жарнама агенттіктеріне, сот орындаушыларына, айырбастау пункттеріне, ломбардтарға, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі тек алып кету және жеткізу.

Жұмыс күндері Ashyq-қа қатысатын субъектілердің қызметі 9 тамызға дейін 20.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары үшін - 22.00-ден шектеледі.

9 тамыздан бастап Ashyq көшбасшыларының жұмыс уақыты 00:00-ге дейін ұзарады: СОО, сауда үйлері, сауда желілері; қоғамдық тамақтану объектілері (оның ішінде жазғы алаңдар), фуд-корттар; фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, спа-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер; сұлулық салондары, шаштараздар, барбершоптар, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар; караоке, бильярд, боулинг, компьютерлік клубтар; кинотеатрлар.

Бұл ретте Ashyq ережесін бұзушыларға қойылатын талаптар күшейтіледі, чекин кезінде 0-ден 20-ға дейінгі  объектілер 1 аптаға, қайталанғанережебұзушылық кезінде - екі аптаға, келесі ережебұзушылық кезінде - бір айға шығарылады.

Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарында халықтың көші-қонын ескере отырып, Нұр-Сұлтан қалаларымен (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары), Шымкент (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағанды (Теміртау, Шахтинск, Абай қалалары) шекаралас аудандарда карантинді қатаңдату бойынша ұқсас шаралар қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети