Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды 18 тамыз 2022, 08:55

Синоптиктер 18 тамызда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Синоптиктер 18 тамызда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады. 

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20 м/с болады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram