31 наурыз 2017 15:20

Еліміздің кей өңірінде 18 градусқа дейін аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2017 жылғы 1-3 сәуір - демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2017 жылғы 1-3 сәуір - демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, сәуір айының ауа райының ерекшелігі атмосфералық процестердің тез өзгеруінде. Қазақстан аймақтары арқылы антициклондар және циклондар жоғары жылдамдықпен жылжиды.

"Еліміздің ауа райын алдағы демалыс күндері циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, сол себепті көптеген облыстарда жауын-шашын, сулы қар, оңтүстік облыстарда жаңбыр, түнгі және таңертеңгі уақыттарда сулы қарға айналуы және температураның төмендеуі мүмкін", - делінген болжамда. 

Сонымен қатар, антициклонның ықпалымен сенбі күні батыста, жексенбі күні солтүстік, орталық және шығыста жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, бірақ ауа температурасы түнде 8-18 градус аязға дейін төмендейді, климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен болады деп болжанып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети