17 сәуір 2020 16:28

Елорда тұрғыны полицейлерге тіл тигізгені үшін сотталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда алты адам билік өкілдеріне қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда алты адам билік өкілдеріне қарсы қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкілдеріне қарсы жасалған қылмыстардың өсуі байқалады. Осы кезеңде 8 жәбірлеу, 7 бағынбау, 6 билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі тіркелген. Олардың ішінде 6 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

"8 сәуірде сағат 20.00-ден кейін азамат Т. үйінен қажеттіліксіз шығып, Жеңіс даңғылындағы қоғамдық орында тұрғанда полиция қызметкерлерінің карантинді сақтау туралы заңды талаптарын елемеді. Ер адам оларға бағынбай, билік өкілдеріне дөрекі былапыт сөздермен тіл тигізген", - деді прокуратура өкілі.

Ер адамға қатысты ҚК-нің 378-бабы 1-бөлігіне "Билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау" және қылмыстық кодекстің 379-бабы "Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған билік өкілінің заңды талабына бағынбау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу соты оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Дегенмен прокуратура баспасөз қызметі қылмыстың басқа түрлерінің азайғанын атап өтті.

"16 наурыздан бастап 1102 қылмыс тіркелген, оның ішінде 7 - ерекше ауыр және 241 - ауыр қылмыс. 2019 жылдың осы кезеңінде 980 ұрлық дерегі тіркелсе, биыл 327, бұзақылық - 66 болған, қазір 21. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар азайды, 816-дан 210-ға", - деп қосты ведомство өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети