27 қараша 2020 11:38

Елордада демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемеуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада демалыс күндері сауда нысандарының жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Елордада демалыс күндері сауда нысандарының жұмыс кестесі өзгерді. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Енді қаулыға сәйкес сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық және азық-түлік емес базарлар сенбі күндері де жұмыс істей алады. Тек санитарлық шаралар сақталуы керек.

"20 қараша күні Нұр-Сұлтанда № 248 карантиндік шаралар туралы жаңа қаулы шықты, оған сәйкес маска тағу, әлеуметтік қашықты сақтау, термометрия, антисептиктер мен санитайзерлердің болуы шарт.

СОО, сауда үйлері мен орталықтарының, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Енді аталған сауда нысандары сенбі күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бірақ мониторингтік топтар карантин және шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, сенбі күндері оларға жұмыс істеуге тыйым салынады. Жексенбі күндері бұрынғыша барлығы жабық болады. Жұмыс күндері сауда нысандары кесте бойынша 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді", - деді Жанна Пірәлиева.

Сауда объектілерінде орналасқан сұлулық салондары, ателье, химиялық тазалау, шаштараз, аяқ киім жөндеу шеберханасы сияқты қосымша қызметтер үшін жаңа кесте енгізілді. Бұл бизнес субъектілері сенбі және жексенбі күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.

"Егер демалыс күндері СОО-да тек супермаркеттер мен дәріханалар ашылса, енді оларға қосымша қызмет көрсететін шағын бизнес субъектілері де қосылады", - деп түсіндірді елорданың бас санитар дәрігері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети