30 мамыр 2019 14:20

Елордада дезинсекция және дератизация жұмыстары жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан төңірегіндегі маса мен шыбын-шіркейлердің ұшатын формаларына қарсы дезинсекция жұмыстарының 2 кезеңі басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

Ашық су қоймаларын және қаланың көшелерін өңдеу бойынша жұмыс бір мезгілде қаланың барлық аудандарынан басталды, бұл маса мен шыбын-шіркейлердің көрші аумақтардан ұшып келуіне жол бермеу үшін өте маңызды.

Дезинсекция және дератизация жұмыстарына "Сарыарқа", "Есіл", "Байқоңыр" және "Алматы" аудандарынан мамандардың 3 бригадасы, термогенератор, роторлы бүрку құралдары және басқа да арнайы техникалар тұрады. Өңдеу жұмыстарын 100-ден астам маман жүзеге асырады: бригадирлер, биологтар, дезинфекциялаушы мамандар.

"Сарыарқа" ауданында дезинсекция жұмыстары Жеңіс даңғылы-Бөгенбай даңғылы-Республика көшесі-Есіл өзенінің жағасы алаңдары аумақтарында жүргізіледі.

"Байқоңыр" ауданында - Жастар шағын ауданы шекаралары, Отырар, Иманов, Бараев, Кравцов, Ташенов, Тархан-Хусейн көшелері, Ақбұлақ және Есіл өзендері шекарасында, Ататүрік саябағында жүргізіледі.

"Есіл" ауданында - Есіл өзенінің жағасында Ақорданың бағытындағы рамстор көпірінен, "Сарыарқа" көпірінен және Бейсеков көшесіне дейін.

"Алматы" ауданында - Ақбұлак ауданы, Тәуелсіздік көшесі, Момышұлы даңғылы, Қошқарбаев даңғылы шаршы алаңында және Есіл өзені бойында жүргізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети