03 желтоқсан 2022 09:05

Елордада жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Елордада жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Елордада жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 желтоқсанда Қонаев көшесінде 21 жастағы жүргізуші ВАЗ 2114 маркалы көлікті толық тоқтатпай қалдырып кеткен. Оның салдарынан көлік аялдамаға барып соғылған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде аялдама зақымдалған, онда адамдар болмаған.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Астана әкімшілік сотына жіберілді.

Жүргізуші Қонаев көшесіндегі үйдің маңына көлігін қойып, кетіп қалған.

Полиция департаменті өкілдері жүргізушілерге сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети