16 қараша 2016 17:40

Елордада көшелердің біріне Никола Тесланың аты берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz/kk © astana.gov.kz/kk

Бүгін Family Village коттедж қалашығында белгілі ғалым, өнертапқыш Никола Тесланың атындағы көше ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін жоба атауы № 350 болған көшенің ұзындығы - 1006 метр. Салтанатты шараға Астана әкімі Әсет Исекешев, Сербия премьер-министрі Александр Вучич, сондай-ақ, Белград мэрі Синиша Мали қатысты.


Бүгін Family Village коттедж қалашығында белгілі ғалым, өнертапқыш Никола Тесланың атындағы көше ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін жоба атауы № 350 болған көшенің ұзындығы - 1006 метр. Салтанатты шараға Астана әкімі Әсет Исекешев, Сербия премьер-министрі Александр Вучич, сондай-ақ, Белград мэрі Синиша Мали қатысты.

Қала басшысы Әсет Исекешев атап өткендей, жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербияға сапары барысында Белград қаласында атақты ақын Жамбыл Жабаевқа арналған ескерткіш ашылды. Мұнымен қоса, Белград қаласындағы көшелердің біріне Қазақстан атауын беру туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде Астанада Никола Тесла көшесінің пайда болуы халықтар достығыныңа тағы да бір белгісі болмақ.

"Никола Тесла көшесі ашылған бұл жерде ЭКСПО-2017 көрмесі болатын Астана қаласының орталық даңғылдарының бірі өтеді. Сол себепті көрменің "Болашақ энергиясы" деген атауы да символикалық мәнге ие, өйткені Никола Тесла физикада, жаңа шешімдер саласында, энергетика саласында танымал ғалымдардың бірі болғаны белгілі. Келесі жылы ЭКСПО кезінде мәдени шараларды өткізу үшін Белградтан делегация күтіп отырмыз. Шын жүректен Сербия халқына және Белградқа даму тілеймін, алдағы уақытта тағы да кездесетінімізге, осы көшеде кездесетінімізге үміттенемін", - деді Әсет Исекешев.

Қала басшысы сондай-ақ, Сербия ресми тұлғаларының бұл жолғы сапары Астана мен Белград арасындағы қарым-қатынастарға тың серпін беретінін, ал ел президентімен өткен келіссөздер қос мемлекеттің байланыстарын дамытуға әсер ететінін атап көрсетті.

Сербия премьер-министрі Александр Вучич белгілі өнертапқыштың атымен аталатын көшенің ашылуы  Астана қаласының тұрғындары үшін ғана емес, Сербия елінің барлық азаматтары үшін тарихи оқиға деп есептейді.

"Қазақстанға жасаған алғашқы сапарымда мен әлемдегі және Сербиядағы ең құрметті серб - Никола Тесланың есімімен аталған көшені зор мақтанышпен ашып отырмын. Бұл көшенің біздің елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл толған жылы ашылуы да символикалық мәнге ие, бұл біздің мемлекеттерімізді және халықтарымызды өзара құрмет пен достық қатынастар байланыстыратынын тағы бір дәлелдейді", - деп атап көрсетті Александр Вучич.

Никола Тесла физика, радиотехника, электр техникасы саласында әлемге танылған өнертапқыш және ғалым болған, 700-ден аса патенттің авторы. АҚШ-тағы Ниагара сарқырамасында орналасқан әлемдегі ең бірінші су электр станциясының құрылысына зор үлес қосқан. Оның өнертабыстары энергияны алыс қашықтықтарға жеткізуде маңызды роль атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети