09 қыркүйек 2020 17:49

Елордада Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы қиылысындағы қозғалыс жабылады

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Даниал Окасов© Фото: Даниал Окасов©

10-20 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтандағы Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы қиылысындағы қозғалыс жартылай тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


10-20 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтандағы Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы қиылысындағы қозғалыс жартылай тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"24 (Орынбор) көшесін салу" жобасын іске асыру үшін Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік және жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам объектілерін орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 10-20 қыркүйек аралығында Орынбор көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында (Тұран даңғылының оң жағы әуежай бағыты) қозғалысты тоқтату жоспарланып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс болдырмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқан хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети