06 қазан 2021 11:38

Елордада такси жүргізушілері ауа райына байланысты жол ақысын өсірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елордада такси жүргізушілері ауа райының қолайсыздығын пайдаланып, қызмет бағасын көтерген. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордада такси жүргізушілері ауа райының қолайсыздығын пайдаланып, қызмет бағасын көтерген. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, кейінгі тәулікте Нұр-Сұлтанда қар мен мұз салдарынан 100-ден аса жол-көлік оқиғасы болды. Автобустар кешікті. Көшелерде көлік кептелісі болды. Жұмысқа жету қиындық тудырды.

Қолданбаларда такси бағасы екі-үш есе өсіп кеткен.

"Мен 700 теңгеге такси шақырдым, бес минутта 1200 теңгеге өсті", - деп шағымданды қала тұрғыны.

"Басқа уақытта жолдан такси тоқтату қиын емес, астаналықтар жолда кездескен адамды тиімді бағаға ала кетуге келіседі. Бірақ ауа райына байланысты таксистер "ақша табам" деп бағаны бірден өсірді. Көліктер де көбіне  тоқтамайды. Жарты сағаттан аса уақыт тұрдық, бірақ такси ұстай алмадық", - делінген телеарна хабарында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети