29 сәуір 2017 15:58

Елордалық әртістер Астанада сенбілікке шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет қайраткерлері, театр актерлары мен қазақ эстрадасы мен шоу бизнес жұлдыздары "Қаланы таза қылайық!" экологиялық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.


Мәдениет қайраткерлері, театр актерлары мен қазақ эстрадасы мен шоу бизнес жұлдыздары "Қаланы таза қылайық!" экологиялық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпықалалық сенбілік өткізу бастамасын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ұсынды.

Сенбілік кезінде танымал театр және кино актерлары Нұркен Өтеуілов, Қуандық Қыстықбаев, эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Нұрғали Тұрлыбеков, Ринат Малцагов, "Дабыл" тобы, "Астана.KZ" КВН командасының қатысушысы Мәлік Хасеновтар Есіл өзенінің жағасын жиналды. 

"Біз өз қаламызды жақсы көреміз, жастарға үлгі көрсетпекпіз. Адамды адам еткен еңбек. Жылына бірнеше рет әрқайсымыз Астананың гүлденуіне үлес қоса аламыз", - деді қазақстандық орындаушы Досымжан Таңатаров.

Жалпықалалық сенбілікке түрлі салалардың қызметкерлері қатысты. Елорданың барлық аудандарында санитарлық тазарту, көшеттер отырғызу, ағаштарды сылау, аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

"Астана – біздің ортақ үйіміз, ал қаланың Мәдениет басқармасында істейтін адамдар – біздің әріптестер, сондықтан біз өз қаламызды және достарымызды қолдауға келдік", - деді Ринат Малцагов.

Айта кетейік, бүгінгі "Қаланы таза қылайық!" экологиялық акциясына Астананың барлық шығармашылық ұжымдары қатысты. Сенбілікке Елордалық цирк, қазақ драма театрының, М. Горький атындағы орыс драма театрының, "Наз" би театрының, филармонияның, Бейбітшілік және келісім сарайының, тәуелсіздік сарайының, "Жастар" сарайының, қалалық кітапханалар мен басқа да мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері атсалысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети