05 маусым 2020 17:38

Елорданың бас санитар дәрігері: Митингіге шыққандар бүкіл қалаға ауру жұқтыруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

COVID-19 таралу қаупі әлі де бар. Карантин кезінде көпшілік шараларды, митингілер мен жиындарды өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


COVID-19 таралу қаупі әлі де бар. Карантин кезінде көпшілік шараларды, митингілер мен жиындарды өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пандемия, карантин кезінде митингілер мен жиындарды өткізу өте қауіпті. Жұқтыру қаупі ондаған есе артуы мүмкін. Себебі қатысушылар қаланың әртүрлі аудандарында еркін жүріп, инфекцияны бүкіл қала бойынша таратады. Бұған жол беруге болмайды, себебі індет қайта өршіп, қала қатаң карантинге қайтып келуі мүмкін. Яғни, жұмысына кіріскен кәсіпорындар қайта жабылуы ықтимал. Көптеген нысандар қайтадан жабылады, адамдарға үйден шығуға болмайды. 

Қала бойынша блокпосттар қойылып, полицейлер мен әскерилер бақылайтын болады, қоғамдық көліктер тоқтайды. Аталған қиын кезеңді бірге өткеріп, көп жұмыстар жасалды. Сондықтан бұндай жағдай қайталанбас үшін, барлық тұрғындарды қатаң санитарлық ережелерді, заңды сақтауға шақырамыз. Заңды бұзған тұрғындар жауапкершілікке тартылуы тиіс", – деді Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 312-ге жетті.

Митингілер ауру жұқтыруға себепші болса, ұйымдастырушылар жазаланады - Бекшин

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети