28 ақпан 2014 | 12:25

Елшілердің бейқам өмірі аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото primeminister.kz сайтынан Фото primeminister.kz сайтынан

Премьер-министр Серік Ахметов Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдік басшыларымен бейнебайланыс арқылы тілдесіп, шетелдік инвесторларды тарту бойынша нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Үкімет басшысы атап көрсеткендей, бүгінде Президенттің тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып отыр. Соның аясында инвесторлар үшін жаңа жеңілдіктер қарастырылып, шетелден қаржы тартудың кешенді жоспары даярлануда. "Қазақстандық елшіліктер осы бағытта белсенді түрде жұмыс жасауы қажет. Біз сіздерден нақты нәтижелерді күтеміз", - деді С.Ахметов. Осы орайда Премьер-министр трансұлттық корпорациялар мен ірі компания басшыларымен тек кездесіп қана қоймай, олардың қазақстандық бизнес өкілдерімен жүздесуіне жағдай жасауды тапсырды. "Біз нақты қай салада әріптестік байланыс жасайтынымызды білуіміз керек. Сондықтан Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірген нақты инвесторлардың тізімі ағымдағы жылы наурыздың 10-ына дейін дайын болуы шарт", - деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети