ER-BATYR жобасының жаңа шығарылымының қонағы - танымал футболшы, үш дүркін чемпион Давид Лория. Ол Тимур Балымбетовпен әңгімелесу барысында өміріндегі ең басты сыншы кім екенін, анасының әкесіне деген қарым-қатынасы туралы, әйел адамның негізгі қасиеті мен неліктен үйге асығатынын айтты. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.
ER-BATYR жобасының жаңа шығарылымының қонағы - танымал футболшы, үш дүркін чемпион Давид Лория. Ол Тимур Балымбетовпен әңгімелесу барысында өміріндегі ең басты сыншы кім екенін, анасының әкесіне деген қарым-қатынасы туралы, әйел адамның негізгі қасиеті мен неліктен үйге асығатынын айтты. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.
Спикердің сөзінше, әкең топтың басшысы болған кезде, еркінсіп кетуге болмайды, керісінше, оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Ол үнемі футболда әкесінің арқасында жүрмегенін, өзінің жетістіктерінің арқасында жүруге тырысқан.
"Әкем менің өмірімдегі ең сыншыл адам шығар. Себебі ол үнемі өзің айналысатын ісіңе фанатик ретінде қарауды талап ететін. Бірақ ол табиғатынан максималист, ешқандай кедергі болмаса да, сен оның қандай да бір деңгейіне сай келу керек екеніңді сезіп тұрасың. Себебі ол сенің әкең, саған басқаша қарайды, әсіресе әкең басқаратын топта болсаң да сол. Ал жас болсаң ол қатты әсер етеді, яғни әкең басшы, ал сен футболшы екеніңді түсінуің керек. Маған футболды әкем басшы болғандықтан ғана ойнап жүр деген сөзді естімеу үшін оған жауапкершілікпен қарадым. Өкінішке қарай, қоғамда сондай пікір қалыптасқан, сондықтан мен үнемі маған жеке адам ретінде қарағандарын қаладым", - дейді Давид Лория.
Оның айтуынша, ана балалардың әкесіне деген көзқарасын қалыптастыратын адам:
"Анаң - тыл. Менің анамның, жалпы айтқанда, әкеме деген қарым-қатынасы арқылы әкеміз бәрінен жоғары, биіктегі адам екенін түсіндік. Яғни ол біз оған қарап бой түзейтін адам. Тәрбие деген сенің анаң әкеңнің қандай маңызды адам екенін, жалпы сенің өміріңде қандай орын алатынын түсіндіретін адам деп есептеймін, соны бойымызға сіңіреді. Сондықтан мен үшін әкем - қайратты адам. 39 жыл болды, бірақ менің әр атқан таңым ата-анама хабарласып, жағдайларын сұраудан басталады. Егер мен оларға күніне 3-4 рет хабарласпасам, демек бір нәрсе дұрыс емес деген сөз", - дейді ол.
Әрбір спортшының өмірінде бәрін тастап, кетіп қалғысы келетін кездер болады. Давидтың сөзінше, бұл сәтте оған жарының қолдауы көмектескен.
"Өмірімде сол кезде ойнаған клубтан кетіп қалғым келген кездер болды, жалпы бәрін тастағым келді. Меніңше, ол әр спортшының өмірінде болады. Сол кезде менің әйелім: "Егер ол жер саған жайсыз болса, кетіп қал, бірақ сүйікті ісіңмен айналысуды тоқтатпа, себебі онсыз сен өмір сүре алмайсың" деді. Мен дәл солай істедім, жарты жылдан кейін өзімді бақытты сезіндім, сүйікті ісіммен айналысуды жалғастырып, нәтиже шығарып, тағы бірнеше жыл ойнадым", - дейді спикер.
Спортшы бала тәрбиелеуде бастысы - құрмет пен отбасына деген махаббатын көрсете білуі.
"Бірінші кезекте маған ата-анам үйреткен отбасына, ата-анаңа деген қарым-қатынасты үйреткім келеді. Ол отбасына, туыстарына деген қарым-қатынасы. Отбасы деген мен және менің әйелім, әпкем не оның ағасы ғана емес қой, ол біздің ата-анамыз, атамыз, әжеміз, аға-әпкелеріміз, біздің отбасымыз үлкен, олар әлемнің түкпір-түкпірінде тұрады. Мен балаларым соларды білсе, жақын араласса, ең бастысы - отбасы екенін түсінсе деймін", - дейді спортшы.
Сондай-ақ Давид Лория үйдегі жылулық пен неліктен үнемі үйге асығатынын айтты:
"Жарыма қажет нәрсені беру керек, сол жылулықты орнатуға ол жауапты. Үйге тезірек қайтуды ойлауың әйел адамның, әйеліңнің негізгі көрсеткіші шығар. Менің әйелім де соны істейді - мен үнемі үйге асығып, үйде болғым келеді, яғни мен ең алдымен үйге барғанды құп көремін", - дейді ол.
ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Жобаның бұған дейінгі қонақтары: заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов, альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов және "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!