18 қаңтар 2017 11:55

Ең "ыңғайлы" төлқұжаттар рейтингінде Қазақстан 59-орында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kyrtag.kg © kyrtag.kg

Ең "ыңғайлы" төлқұжаттар рейтингінде Қазақстан 59-орында тұр, - деп хабарлайды Nat-geo.ru.


Ең "ыңғайлы" төлқұжаттар рейтингінде Қазақстан 59-орында тұр, - деп хабарлайды Nat-geo.ru.

Визалық тәртіптердің өзгеруін бақылап отыратын интерактив бағдарлама жыл сайын қортытынды жасап, саяхаттауға қолайлы келетін төлқұжаттар тізімін құрды. 

Passport Index сайтындағы (төлқұжат рейтингі - ред.) елдер сараптамасы 193 мемлекет пен 6 аймақ (Макао, Косово және тағы сол сияқты) кіретін БҰҰ тізімі негізінде жасалған. Белгілі бір ел азаматы визаны алдын ала толтырмай-ақ кірген әр ел үшін төлқұжатқа бір балл қосылды. 

"Визасыз тәртіп және визаны ұшақ қонған соң алу мүмкіндігі де есепке алынды. Мұндай елдер қатары көп болған сайын төлқұжат рейтінгі жоғарылай береді. Әлемде саяси жағдай құбылып тұрады және онымен бірге елге кіру тәртібі де өзгереді. Сол себепті 2017 жылғы рейтингтің былтырғы көрсеткіштен аз да болса айырмашылығы бар", - деп атап көрсетті рейтингті жариялаған басылым.  

Рейтинг бойынша алғашқы бестікте: 1-орында Германия, 2 - Сингапур және Швеция. 3-орынды Ұлыбритания, Дания, Испания, Норвегия, АҚШ, Финляндия, Франция және Швейцария өзара бөлісті. 4-орын Австрия, Бельгия, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия және Жапонияға бұйырды. 5-орында Ирландия, Канада, Малайзия және Жаңа Зеландия тұр.

Айта кетейік, Сомали, Сирия, Ирак, Пәкістан мен Ауғанстан туристерінің төлқұжаттары "құдыретті" деген номинацияға ілініп отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети