19 тамыз 2020 | 21:52

ER-BATYR. Рамиль Мухоряпов бизнес, жары және ер адамның жүрегіне жол табу туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ER-BATYR жобасын ұсынады. Жаңа шығарылымның қонағы - Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов. 


Иконка комментария блок соц сети

Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ER-BATYR жобасын ұсынады. Жаңа шығарылымның қонағы - Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов. 

Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Бүгін сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "Вконтакте" желісіндегі парақшасында спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен Рамиль Мухоряпов бизнеспен неліктен айналысу керегін, әкесінің өнегесі, сондай-ақ жары оны несімен қызықтырғанын және ер адамның жүрегіне жол туралы айтты. 

"Әкем үнемі "Бизнес - ең алдымен еркіндік. Қандай еркіндік? Өзің дұрыс деп санайтын, ішкі құрылымы өз ойың бойынша болатын компания құру" дейтін. Яғни, сен басқа бір компанияда жұмыс істесең, фаундерлер немесе бастықтарың қалаған белгілі бір ережеге бағынуың керек. Кейде ол 100 пайыздық матч, саған сол жеңіл болуы мүмкін, кейде 100 пайыз қолайсыз болады, ондай компаниямен жүргенде қиналасың. Ал бизнесте бұл жағынан басқаша. Яғни, сен компанияны іштей құрып, командаңа өзің сыйлайтын, бірге жұмыс істегің келетін адамдарды аласың, тіпті клиенттер мен серіктерге де сол қатысты, кіммен жұмыс істеп-істемеуді өзің шешесің", - дейді ол. 

Сондай-ақ Рамиль Мухоряпов әкесінің өнегесі жайлы айтты: "Отбасылық дәстүрдің болуы маңызды. Мысалы, бәріміз дастархан басына жиналамыз, ешкім "мен отырғым келмейді" деп айтпайды. Кез келген жағдайда біз отырып, әңгіме құрамыз. Сондай-ақ, көршіге деген құрмет. Сондықтан не істегеніміз есімде жоқ, қысқасы көршілерімізге зиянымыз тиіп қалды. Әкеміз мұны білгеннен кейін, бізді жұлып жібере жаздап, мәселені шешуімізді талап етіп, көршілермен жақсы қарым-қатынаста болу керегін түсіндірді. Себебі сен олармен бірге өмір сүресің",- дейді кәсіпкер. 

Жоба қонағы жарының оны қызықтырған қасиеті туралы айтты: "Меніңше, қызбен кездесе бастағандағы бірінші фактор - оның сырт келбеті, ерлер солай қалыптасқан. Кейіннен жан дүниелерің үйлесе бастайды немесе керісінше. Мен бұған дейін де мына сөзді естігенмін, бірақ оған сенбегенмін: ер адамның жүрегіне асқазаны арқылы жол табасың. Енді мен бұл қалай жұмыс істейтінін түсінемін. Бір жағдай болған, мен жұмыстан келе жатып, Аннамен кездесу керек болғанбыз, сосын ол маған "сенің қарның ашқан болар, үйге кел, мен саған бір нәрсе әзірлеп беремін" деді. Сөйтіп мен бардым, екеуіміз тамақтанып алдық, ол саңырауқұлақ қосылған картоп қуырды, оның дәмі әлі есімде", - дейді ол.  

Рамиль Мухоряповтың сөзінше, отбасында жанжал тудырмау үшін жанұядағы базалық принциптерді алдын ала келісіп алған жөн: "Көбіне отбасында, жалпы барлық жерде, егер екі тараптың ойы бір жерден шықпаса, соңғы шешім қабылдануы керек. Арбитр секілді. Әрине, ол мен. Оның форматы шамамен былай болады: айтқаныңды түсіндім, бірақ егер әйелің сені көндірмесе, демек, менің шешімім дұрыс болады".

ER-BATYR - ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. Эфирдің алғашқы қонағы - заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов болды. Жобаның алдыңғы қонағы - альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев.

Жобаның барлық шығарылымын Tengri TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан тамашалай аласыздар.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети