"Үздік әдеби шығарма" номинациясы бойынша Гран-при иегері Ербол Алшынбай "Шабыт" XIX шығармашыл жастар фестивалінің Президенті Кубогын жеңіп алды. Қазылар алқасының назарына жас ақын қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы қиындықтары туралы баяндайтын "Көлеңкесіз адам" атты шығармасын және "Құлан ауған" өлеңін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ербол Алшынбай биыл "Шабыт" фестивалінде бағын сынаған 644 қатысушының ішінен үздік деп танылды. "Шабыт" фестивалінің жеңімпазы бірқатар әңгімелер жазған және "Астана" радиосында "Мен қазақпын" авторлық бағдарламасын жүргізеді.
Кеше Астанада "Шабыт" XIX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі аяқталды. Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж. Жабаев атындағы концерт залында фестиваль қорытындысы шығарылып, конкурс қатысушыларына лауреаттық және атаулы сыйлықтар табыстау салтанаты өтті. Ал кешке Бейбітшілік және келісім сарайында фестивальдің жабылуы мен ҚР Президенті кубогын табыстау рәсімі ұйымдастырылды.
Алты күн бойы қазылар алқасы "Бейнелеу өнері", "Хореография", "Халық музыкасы", "Үздік әдеби шығарма", "Классикалық музыка" және "Эстрадалық вокал" номинациялары бойынша конкурсанттардың өнеріне өз бағасын берді.