19 қазан 2018 | 17:17

Ерболат Досаев Президент Жолдауын алматылықтармен талқылады

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың Алматы қаласының активімен кездесуі барысында Президенттің "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындаудағы Үкіметтің алдағы атқаратын жұмыстарының басты бағыттары талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың Алматы қаласының активімен кездесуі барысында Президенттің "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындаудағы Үкіметтің алдағы атқаратын жұмыстарының басты бағыттары талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мысалы, Мемлекет басшысы тапсырмаларының негізгі бөліктерінің бірі өңірлердегі азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Ерболат Досаев өзінің сөзінде егер бұрын республкалық мәні бар инфрақұрылымдарды дамытуға мән берілсе, бұдан былай өңірлік және қалалық инфрақұрылымдарды өркендетуге ерекше назар аударылатынын, ал бұл Алматы үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Келер жылдың 1 қыркүйегіне дейін 2030 жылға дейінгі аумақтық- кеңістіктік дамудың Стратегиясы жасалады, мұнда басқарылатын урбанизацияға акцент беріледі. Халықты орналастыру, өңірлердің арнайы салаларын анықтау, өнідірісті дамыту, инфрақұрылымды қамтамасыз ету осы призма арқылы жүзеге асады, ал бұл ел өңірлерінде кіші урбанизацияның қанат жаюына тың серпін береді. Түрлі елді мекендер - ауылдар мен республикалық мәні бар қалалар үшін аймақтық стандарттар жүйсін жасау жоспарлануда, онда әлеуметтік қолдау мен мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі нақтылы айқындалады", - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Үкімет басшысының орынбасары өңірлерді дамытуға жаңаша тұрпатта келу қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартып, өңірлік экномиканың дамуына оң әсер ететінін айтты. Өңірлердегі тұрғындардың өмірін жақсарту "Нұрлы Жол" және "Нұрлы Жер" сынды бағдарламаларды 2025 жылға дейін жүзеге асырумен тікелей байланысты.Тек Алматының өзінде ғана жыл аяғына дейін 2 млн.кв.м. тұрғын үйді іске қосу жоспарланған.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде және мектептерде білім берудің сапасын арттыру үшін биылғы жылдың соңына дейін Жол картасы жасалып, бекітіледі, бұл құжатта мектеп жасына дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің білімін арттыру және бірыңай біліктілік талаптары көрініс табады, PIZA, SAT, AST сынды халықаралық стандарттарға көшу іске асады.

Бұлардан өзге, мектептер құрылысын елді мекендердің даму жоспарларымен сәйкестендіру тапсырылды, ал бұл жеке сектор инвестициясы есебінен мектеп құрылыстарын салу қарқынын арттырады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная