10 қазан 2022 12:57

Ерекше дауыс пен сұлулық: Ayree ең үздік хиттерін Máńgilik El Daýysy шоуында орындайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Máńgilik El Daýysy ерекше ұлттық музыкалық шоуға дайындық қыза түсті! Жоба қатысушыларының бірі - ерекше дауы иесі Ayree


Máńgilik El Daýysy ерекше ұлттық музыкалық шоуға дайындық қыза түсті! Жоба қатысушыларының бірі - ерекше дауы иесі Ayree

Әншімен бірге ел болып 25 қазанда Астанада сағат 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында ән айтуға болады. Шоу Астана әкімдігінің қолдауымен Республика күніне орай өтеді, ақпараттық серіктес - Alash Media Group холдингі. 

Билетті Ticketon.kz сайтында сатып алуға болады. 

"Бәріңізге сәлем! Мен Ayree баршаңызды Республика күніне орай өтетін Máńgilik El Daýysy музыкалық шоуына шақырамын. 25 қазанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 19.00-де кездескенше!", - дейді әнші. 

Ayree "Қазақстан дауысы" жобасының қатысушысы, ол финлға дейін жетіп, ерекше даусымен көпшіліктің есінде қалған. Ол "Шоу" атты дебюттік клипінен кейін танылып, артынша "Кешір мені" атты әні музыкалық эфирлердегі танымал клиптердің рейтингінде болды. Ayree "Славянский базар" байқауында Қазақстанның намысын қорғап, Eurasian Music Awards, EMA музыкалық премиясында "Жыл жаңалығы". Бүгінде әншінің қоржынында әртүрлі тілдегі 100-ден аса әні бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 💎AYREE | RAIN ent. (@ayreeofficial)

25 қазанда Ayree-мен бір сахнада ӘMRE, 2RAR, Нұржан Керменбаев, Yenlik және Қайрат Нұрстас өнер көрсетеді!

Биыл тыңдармандар талантты музыкант және композитор Әділжан Толықпаевтың жетекшілігімен Saz&Soul тобының музыкалық сүйемелдеуімен 100 пайыз live түрінде өтетін кештің куәсі болады. Сондай-ақ, көрермендер үшін жас талантты орындаушылар Сағын Өмірбайұлы мен Әйгерім Тілеубек өнер көрсетеді. Кеш атмосферасы АRTballet ұжымының орындауындағы авторлық би қойылымдарын және DJ Puza-ның бірегей жиынтығын жасауға көмектеседі. Шоуды телеэфир жұлдыздары Салтанат Серкебаева мен Жансерік Бейсеев жүргізеді.

Көрермендер қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге шоудың толыққанды қатысушылары бола отырып, барша елге таныс және сүйікті әндерін орындай алады және өз елінің мәдениетіне қосыла алады. Қазақстанның үздік орындаушыларының хит әндерінің мәтіні арнайы LED-экрандарға шығарылатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети