22 сәуір 2014 21:27

Ержан Ашықбаев Сеулде оңтүстіккореялық әріптесімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР СІМ баспасөз қызметі ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Сеулде өткен "Орталық Азия - Корея Республикасы" форумы аясында Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Чо Тэ Енгпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Сеулде өткен "Орталық Азия - Корея Республикасы" форумы аясында Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Чо Тэ Енгпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселесін талқылады және Корея президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға жоспарланған сапарына дайындық туралы әңгімеледі. 

Әріптестер әлемдегі халықаралық және аймақтық мәселелер жөнінде сөйлесті, ядролық терроризммен күрес тақырыбы және ядролық қарусыздандыру мәселелері талқыланды. 

Ашықбаев Сеулге Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелік етуіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Ол Оңтүстік Кореяның орман секторында Азиядағы серіктестік ұйымын құру туралы бастамасын Қазақстан қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол әріптесін Астанада өтетін EXPO-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды. 

Ержан Ашықбаев және  Чо Тэ Енг Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық, инвестиция-технологиялық байланыстарды талқыға салды. Қазіргі таңда екі ел арасындағы сауда айналымы миллиард доллардан асады.  Сондай-ақ Чо Тэ Енг "Қазақстан-2050" Стратегиясының негізгі мазмұнымен таныс болды. 

"Орталық Азия - Корей Республикасы" форумы 2007 жылы Корея мемлекетінің бастамасымен басталған болатын. Осы жиында Орталық Азия елдері мен Кореяға қатысты келелі мәселелер талқыланады және мемлекеттердің бірлескен жобаларын жүзеге асыру мәселесі қаралады.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети