Ерлан Қарин "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі "Қазақстан" РТРК" АҚ ұжымына жаңа басшы Ерлан Қаринді таныстырды.
Ерлан Қарин "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі "Қазақстан" РТРК" АҚ ұжымына жаңа басшы Ерлан Қаринді таныстырды.
"Ерлан Тынымбайұлы білікті саясаттанушы, идеолог, еліміздің шынайы патриоты ретінде көпшілікке жақсы таныс екеніне еш күмәнім жоқ. Ендігі жерде оған еліміздегі ең ірі медиа құрылымның жұмысын одан әрі дамыту тапсырылып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұған дейінгі іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", - деп жазды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, Кемелбек Ойшыбаев 24 қаңтарда "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кеткен болатын. Бұл қызметке ол өткен жылдың қазан айында келген болатын.
Ерлан Тынымбайұлы Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 1998 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан даму институтының Саяси зерттеу орталығында ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 2005 жылдары Орта Азиялық саяси зерттеу агенттігінің директоры, 2005-2006 жылдары террорлыққа қарсы орталық бағдарламасының бағдарлама директоры қызметін атқарды. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды. Соңғы кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары "Нұр Отан" ХДП хатшысы болды. "Құрмет" орденімен марапатталған.