Кемелбек Ойшыбаев "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті

24 Қаңтар 2017, 19:22
0
Кемелбек Ойшыбаев "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті - Кемелбек Ойшыбаев. © facebook.com/kemelbek.oishybayev
Кемелбек Ойшыбаев. © facebook.com/kemelbek.oishybayev

Кемелбек Ойшыбаев "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Құрметті достар! "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетуді ұйғардым. Оқу туралы іске асырылмай қалған ойларым бар еді, соларды жалғастырсам деймін. Аз уақыт ішінде көп шаруа бастадық. Менiң кеткенiме қарамастан, жалғасы болады деп үмiттенемiн. Ең бастысы - жақсы адамдармен таныстым, кәсіби мамандар, керемет орта. Корпорацияның болашағы зор!", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Ойшыбаев қазақ телевизиясының қара шаңырағында қызмет ету үлкен тәжірибе болғанын және әрiптестері мен барлық жанашырына алғыс айтты.

Еске салайық, бұл қызметке ол өткен жылдың қазан айында келген болатын. Сол кезде Ойшыбаевты "Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ ұжымына ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырған болатын.

Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы 1977 жылы 13 шілдеде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Журналистика мамандығы бойынша, Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін заңгер мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын корпоративті менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған, сонымен қатар Geneva Business School - MBA мектебін бітірген. Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметін атқарды. Сонымен бірге "Қазмедиа орталығы" бас директорының орынбасары, "Zaman Қазақстан" республикалық газеті бас редакторының орынбасары, "Қазақтелеком" АҚ корпоративтік сатылымдар дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай