ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2019 | 18:38
Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысы әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Қырымбек Көшербаев Әкімшілік басшысы қызметінде 82 күн болды.
Айта кетейік, Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы Ерлан Қошанов 57 жаста. Ол 1962 жылы 14 сәуірде Жезқазған облысы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 2007-2012 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары - Мәжілістегі, Парламенттегі Үкіметтің өкіл қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болған. 2017 жылдың 14 наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі болған.
Показать комментарии
Читайте также