17 тамыз 2022 17:31

Ерлан Тұрғымбаев Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Ерлан Тұрғымбаев Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Ерлан Тұрғымбаев Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев биыл ақпанда Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалған еді.

Ерлан Тұрғымбаев 2019 жылы ақпанда Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалған болатын. Осыған дейін, Тұрғымбаев ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде болған (2012 жыл).

Ерлан Тұрғымбаев Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында туған. Білімі бойынша заңгер, ішкі істер органдарында қызметін 1984 жылы бастаған. Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ІІБ ЖҚБ бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеген. 1986 жылдан 2002 жылға дейін Алатау және Калинин АІІБ-нің тергеу-жедел бөлімшелерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ІІББ-да әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2002 жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейін - ҚР ІІМ тоғызыншы департаментінің бастығы. 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың сәуіріне дейін - Қазақстан Республикасы ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдың сәуірінен 2006 жылдың мамырына дейін - Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басқарма бастығы, бастығы. 2006 жылдың мамырынан 2006 жылдың шілдесіне дейін - ҚР ІІМ тергеу комитетінің бастығы. 2006 жылдың шілдесінен 2012 жылдың желтоқсанына дейін - Алматы ішкі істер департаментінің бастығы. 2012 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер министрінің орынбасары болған.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, І дәрежелі "Қайсар" белгісімен, ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, сондай-ақ ІІМ мен ІІД құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети