15 ақпан 2021 10:52

Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермек Алпысов Ермек Алпысов

ҚР ұлттық экономика вице-министрі болған Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне, сондай-ақ еңбек қатынастарына жетекшілік етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ұлттық экономика вице-министрі болған Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне, сондай-ақ еңбек қатынастарына жетекшілік етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа орынбасарды облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңес барысында таныстырды. Ермек Алпысов Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, ол 1971 жылы дүниеге келген. Ол 12 ақпанда экономика вице-министрі болып тағайындалған Әлішер Әбдікәрімовтің орнына келді.

Ермек Алпысов 1993 жылы Абай атындағы Алматы қаласының Ұлттық университетің, ал 2005 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің экономист мамандығын тәмамдаған.

Қызметтері:

1993 жылы Алматы қаласының №156 орта мектепте география пәнінің мұғалімі болды.

1999 жылы наурыз - 2001 жыл қазанға дейін "Бектауата" ЖШС-да бухалтер қызметін атқарды.

2001 жылы желтоқсан - 2004 жылға дейін Алматы облыстық Қоршаған ортаны қорғау департаментінің жетекші, бас маманы, инспекторы, кейін бөлім бастығы болды.

2004 жылы шілдеде Алматы облысы, Ақсу ауданының әкімнің орынбасары боп тағайындалды.

2008 жыл ақпан - 2012 жылдың қаңтарына дейін Талдықорған қаласының әкімнің орынбасары болды.

25 қаңтар 2012 - қараша 2015 аралығында Алматы облысының әкімінің бұйрығымен Талдықорған қаласының әкімі лауазымына ие болды.

Сонымен қатар, Ермек Алпысов мемлекеттік инспектор, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол 2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, 12 ақпанда Әлішер Әбдіқадыровтың ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалғаны туралы хабарланған болатын. Бұған дейін ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети