Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ермек Маржықпаев © aqmola.gov.kz Ермек Маржықпаев © aqmola.gov.kz

Көкшетау қаласының бұрынғы әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкім орынбасары Марат Иғалидың Telegram-каналына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетау қаласының бұрынғы әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкім орынбасары Марат Иғалидың Telegram-каналына сілтеме жасап. 

Осыған дейін, Tengrinews.kz редакциясы Көкшетау әкімі қызметінде Маржықпаевтың жалақы мөлшерін жариялады. Оның айлық жалақысы - 451 627 теңге.

Маржықпаев Ермек Боранбайұлы 1969 жылы 29 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2001 жылы "Тұран" университетін, 2009 жылы Көкшетау университетін бітірген. Тарих мұғалімі, заңгер, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын 1991-1992 жылдары дене шынықтыру мұғалімдері, бокстан жаттықтырушы, орта мектептің тарих мұғалімдері болып бастады. 1992 жылдан 1995 жылға дейін "Шонай"ШЖК директоры лауазымына тағайындалды. 1995 жылдан 2008 жылға дейін "Береке-Бурабай" ШЖК (ЖШС) бас директорының міндетін атқарды. 2007-2009 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болды. 2008-2012 жылдар аралығында Аршалы ауданының әкімі, 2012-2013 жылдар аралығында Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарды. 2013 жылдан 2014 жылға дейін құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары мәселелері бойынша Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

2015 жылдың қаңтарынан бастап Көкшетау қаласының әкімі.

"Құрмет" орденімен (2011), "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Ерен еңбегі үшін" (2004), "Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл" (2011), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Астананың 10 жылдығы" (2008) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері ( 2007), Үздік кәсіпкер (2002) атағын иеленген. Бокстан спорт шебері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.31  course up  610.36  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer