Есеп комитеті 808 млрд теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есеп комитеті 808 млрд теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады ©Тengrinews.kz

Есеп комитеті 808 миллиард теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Hеспубликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинге сілтеме жасап. 


Оның айтуынша, бұл - өткен жылғы заңбұзушылықтардың жалпы соммасы. Соның ішінде, республикалық бюджеттің 196 миллиард теңгесі бар. "Осы орайда атап өтер жәйт, 808 миллиард теңге бұл талан-таражға салынған ақшаның көлемі емес. Ол соманың басым бөлігі процедуралық сипатқа ие. Мәселен, құрылыс пен сәулет заңнамасын бұзу, я болмаса, конкурстарды өткізу мерзімін орындамау және тағысын тағы. Оның барлығы бюджеттің шығындалуына себеп болған жоқ", - деді бүгін комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Бүгінде заңбұзушылықтар бойынша анықталған сома екі есе өсті. Комитет басшысы оны бақылаушы мамандардың көбеюімен байланыстырып отыр. "Бүгінде бақылаушы мамандардың саны 44-тен 77-ке дейін артты. Осының нәтижесінде заңбұзушылықтардың ауқымы бес есеге кеңейді", - дейді Қозы-Көрпеш Жаңбыршин. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +17
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +21
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +22
С
Семей +23
Т
Талдықорған +23
Тараз +24
Түркістан +18
О
Орал +23
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер