12 қазан 2020 15:33

"Еш өкінбеймін". ШҚО полицейі атышулы видеоға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысында басшылықтан қысым көріп жатқаны туралы видеоүндеу жазған полицей атышулы видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында басшылықтан қысым көріп жатқаны туралы видеоүндеу жазған полицей атышулы видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еркебұлан Мейрембаев телефон арқылы сөйлесу барысында әрекетіне еш өкінбейтінін айтты.

"Мен еш өкінбеймін. Заң аясында әрекет еттім. Айтатынымның барлығын айттым, алып-қосарым жоқ", - деді Мейрембаев.
 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бөлімде тексеріс жүріп жатыр, нәтижесі әлі шықпады.

"Маған қысым көрсетіліп жатқан жоқ. Бәрі жақсы, мен жұмыстамын. Соңғы күндері көбі маған қоңырау шалып жатыр, біреуі қолдаса, біреуі сөгіп жатыр. Телефонды қуаттап үлгермей жатырмын. Бірақ басшылықтан менімен ешкім байланысқа шықпады, ешкім қысым көрсеткен жоқ, - деді Еркебұлан Мейрембаев телефон арқылы.

Еске салайық, мұның алдында  Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының полицейі видеоүндеу жариялап, бастығы мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынған адамды заңсыз босатуға мәжбүрлегенін айтқан болатын.

Содан басшысының айтқанын орындаудан бас тартқан полицей видеоүндеу жазған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети