21 тамыз 2020 13:09

"Ешкім жұмыстан кетуімді сұраған жоқ". Серік Сәпиев қауесетке жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев не үшін төрт айға еңбек демалысын алғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев не үшін төрт айға еңбек демалысын алғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 тамызда Серік Сәпиевтің бала күтімі бойынша төрт айға демалыс алғаны белгілі болды. Оның міндетін орынбасары Серік Жарасбаев атқарады.

Бүгін, 21 тамызда Сәпиев тілшімен сұхбат кезінде демалысқа шығу туралы шешімді отбасымен бірге қабылдағанын атап өтті.

"Ешкім жұмыстан кетуімді сұраған жоқ", - деді комитет басшысы тиісті сұраққа жауап бере отырып. Айтуынша, ол қазір Ақтауда.

Бұған дейін Telegram-дағы Yedilov online арнасында Сәпиевтің ұсталғаны туралы қауесеттер мен болжамдар жалған екені жазылған болатын.

Серік Сәпиев бұл қауесеттер туралы хабардар екенін айтты.

"Мені ұстады деген ақпарат қайдан шыққанын мүлде түсінбеймін. Демалысқа шықсам да жұмыс істеп, бұқаралық спортты дамытып жүрмін. Көбі декреттік демалысқа шығатынын білемін, неге маған ғана назар аударылып жатқанын түсінбедім. Бәрі жақсы", - деді Сәпиев.

Еске салайық, Серік Сәпиев 2019 жылдың қаңтарында Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне басшы болып тағайындалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети