Ешкім ұсталған жоқ - Скляр Шудағы пойыз машинисі жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр Жамбыл облысында болған төтенше жағдайдан кейін ешкімнің де ұсталмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр Жамбыл облысында болған төтенше жағдайдан кейін ешкімнің де ұсталмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін Астана-Алматы пойызын басқарған машинистің ұсталғаны хабарланған еді.

"Тергеу қорытындысын күтейік. Ешкім де ұсталған жоқ. Сол үшін, яғни, осы жағдайды объектив түрде тергеу үшін оқиға орнына Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаевты жібердік. Біреу ұсталды дегенді естіген жоқпын, ондай болған жоқ", - деді Роман Скляр журналистерге.

Бас прокуратура да осы мәліметке қатысты пікір білдірді.

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын ресми түрде хабарлаймыз, тергеу барысында ешкім ұсталған жоқ", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Осыған дейін пойыз апатынан қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланып, апатқа ұшыраған пойыздың жылдамдығы қандай болғаны жайлы айтылған болатын.

Сонымен қатар, мұның алдында ҚР ИДМ баспасөз қызметі Шу станциясы маңында пойыздың рельстен шығу себептерін тексеретін комиссия құрылғанын хабарлаған еді.

"17 маусымда 13.25-те Сарышаған-Шу учаскесінде Астана-Алматы бағытындағы #9/10 пойызының жолаушылар отыратын 8 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше оқиға машинист теміржолдың қисайғанын көріп, көлікті шұғыл тежегенінен кейін болды. Оқиғаны тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан арнайы комиссия құрылды", - деп хабарлаған болатын ҚР ИДМ өкілдері.

Еске салайық,17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пойыз апатының себебіне қатысты пікір айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro