19 қаңтар 2021 16:45

"Ешкімді кінәламаймын". Қырғызстанда қайтыс болған қазақстандықтың анасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстандағы тау шаңғысы базасында қайтыс болған баланың анасы ұлының өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстандағы тау шаңғысы базасында қайтыс болған баланың анасы ұлының өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 жастағы баланың ата-анасы демалыс орталығының басшылығымен соттаспайтынын айтты. 

Tengrinews.kz тілшісі Санжардың анасы - Мадина Исламовамен сөйлесті. Ол неліктен құқық қорғау органдарына шағымданбағанын және Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі қандай көмек көрсеткенін айтты. 

"Арыз жазған жоқпыз, бізге ұлымыздың денесін алып, туған жеріне апару маңыздырақ болды. Ешкімді кінәламаймын, менің балам күшіне сеніп, мүмкіндігін асыра пайдаланды. Шыны керек, басшылық қауіпті және қорқынышты базаға кіруді бақылауға алады деп үміттендім, себебі бұл бірінші жағдай емес. Маған көптеген адам жазып, олардың да жақындары жарақаттанғанын, мертігіп қалғанын, тіпті адам өлімі де болғанын айтты. Маған қаржы жағы мүлде қызық емес, біздің басымыздан өткен жағдай басқа қайғылы жағдайдың алдын алса екен деймін", - дейді әйел адам. 

"Қаракөл" тау базасында болған жағдайдан кейін демалыс орнының әкімшілігі Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасап, қайғылы оқиға болған аймақ қауіпті екенін айтқан. Алайда марқұмға ересек адамға арналған кіру рұқсатнамасын беріп, фуникулерге еш кедергісіз кіргізген екен. 

Мадина Исламованың сөзінше, демалыс орнының басшылығы онымен байланысқа шықпағанын және көңіл айтпаған. Ал құжаттарды дайындау барысында Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі көмектескен екен. 

"Елшілік әкесінің келіп, баланың қайтыс болғаны туралы куәлікті дайындауға көмектесті, бірақ құжатты әлі қолымызға алмадық. Одан бөлек, консул үнемі менімен байланыста болды, мейірімді, жанашыр адамдар, қандай бір көмек керек не жоғын сұрап тұрды. Күйеуім барған кезде көлік бөліп беруді ұсынды, бірақ біз рақметімізді айтып, одан бас тарттық. Баланың денесін тасымалдау кезінде де бәрін өзіміз істедік, себебі танысымыз бен жақындарымыз көп болды", - дейді марқұмның анасы.  

"Қаракөл" тау шаңғысы курортының басшылығы Facebook желісіндегі парақшасында бұл 2006 жылдан бергі алғашқы өлім жағдайы екенін мәлімдеді. Ыстық-Көл облысының Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне растады. 

Еске салайық, қайғылы жағдай 12 қаңтарда болды. 13 жастағы қазақстандық бала трассалардың бірінен түсіп бара жатқанда шыршаға соғылған. 

Зулайка Эркимбаева, Қырғызстан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети