“Ескі Қазақстанның сарқыншағы“. Депутат Бапи Алматыда қонақүйді күшпен тартып алу туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ескі Қазақстанның сарқыншағы“. Депутат Бапи Алматыда қонақүйді күшпен тартып алу туралы айтты Фото:2 gis.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Алматыдағы Hilton қонақүйін "күшпен басып алу" әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеп, Бас прокуратураға сауал жолдады. Ол бұл жағдайды Қайрат Сатыбалдыұлының активтерімен байланыстырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Алматыдағы Hilton қонақүйін "күшпен басып алу" әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеп, Бас прокуратураға сауал жолдады. Ол бұл жағдайды Қайрат Сатыбалдыұлының активтерімен байланыстырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ермұрат Бәпи Мәжілістегі сөзін жағдайдың шұғылдығына байланысты сауалдың ресми мәтінін алдын ала дайындап үлгермегенін айтып, кешірім сұраудан бастады.

"Мен өте маңызды мәселені көтеріп отырмын және ресми сауалды алдын ала дайындамағаным үшін кешірім сұраймын. Жағдайдың шұғылдығын ескере отырып, депутаттық сауалдың тезистерін дәл осы жерде, залда отырып жаздым", - деді депутат.

Бәпидің айтуынша, Алматыда сот орындаушыларының шешімі негізінде Hilton қонақүйін "күшпен басып алу" әрекеті жүріп жатыр.

"Қазір дәл осы сәтте Алматыда Hilton қонақ үйін күшпен басып алу болып жатыр. Мүлік заңды иелерінен тартып алынып, қонақ үй қызметкерлері сыртқа шығарылып жатыр. Бұл қонақ үйде 250-ге жуық адам жұмыс істейді және мұның бәрі шетелдік меймандардың көз алдында болып отыр", - деп мәлімдеді ол.

Парламент мүшесі бұл оқиғаны "ескі Қазақстанның сарқыншағы" деп атады.

"Бұл әрекеттердің артында ескі Қазақстанның сарқыншақтары тұр. Бұл - өзгенің мүлкін заңсыз, әділетсіз және озбырлықпен тартып алу", - деп атап өтті Ермұрат Бәпи.

Ол бұл қонақүйдің атауы бұған дейін де аталып, оның Қайрат Сатыбалдыұлымен байланысты болғанын еске салды. Депутаттың айтуынша, бұған дейін бұл актив мемлекетке қайтарылған, алайда қазір, Бәпидің пайымдауынша, тағы да даулы жағдай туындап отыр.

Мәжілісменнің мәліметінше, қонақүй шамамен 4,5 миллиард теңгеге бағаланған, ал оның нарықтық құны 12 миллиард теңгеге жуық болуы мүмкін.

"Неліктен ол соншалықты арзан бағаланды? Өйткені, менің ойымша, бұл - арнайы схема: нысанды кейін аукцион арқылы сатып алу үшін бағасын әдейі төмендету", - деді депутат.

Ол Бас прокуратурадан болып жатқан жағдайдың мән-жайын тексеріп, барлық қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беруді сұрады.

"Қылмыс құрамының бар-жоғын тексеруді сұраймын. Біз Әділетті Қазақстан туралы айтқанда, бұл жерде дәл осы әділеттілік мәселесі туындап тұр. Мен болып жатқан жағдайды әділетсіз деп санаймын және бұл депутаттық сауал Мемлекет басшысына жетеді деп үміттенемін", - деп түйіндеді Бәпи.

Мән-жайы

DoubleTree by Hilton қонақүйінің ғимараты Қайрат Сатыбалдыұлының келтірілген шығынды өтеу ретінде мемлекетке өткізген жылжымайтын мүлік нысандарының тізіміне енген болатын. Ол кезде Антикор қонақ үй ғимараты 6,49 миллиард теңгеге бағаланғанын хабарлаған еді.

2023 жылдың өзінде-ақ Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Hilton қонақүйі төңірегіндегі мәміле туралы мәселе көтерген болатын. Депутаттың айтуынша, Сатыбалдыұлы қамауда отырған кезінде "Baidala" ЖШС-мен 6 миллиард теңгеге сатып алу-сату шартын жасасқан. Сол материалда қонақ үй төңірегіндегі жағдайды рейдерлік басып алу деп атаған кәсіпкер әйелдің де ұстанымы келтірілген еді.

Кейінірек Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы құны 732,8 миллиард теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтері мен ақшалай қаражатын мемлекетке ерікті түрде қайтарғаны хабарланды. Өткізілген активтердің қатарында Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы, Kaisar Towers бизнес-орталығы, DoubleTree by Hilton қонақүйі және басқа да нысандар аталды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.26   548.16   6.65 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер