Есіктегі Сақ қорғаны аймағына мектеп салынбайтын болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетов қорғауға алынған аймақты көрсетіп жатыр.  ©Дмитрий Хегай Археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетов қорғауға алынған аймақты көрсетіп жатыр. ©Дмитрий Хегай

Еңбекші ауданының әкімшілігі Сақ қорғаны орналасқан жерге мектеп салмайтын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне аудан әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов айтып берді. Осы жерде атақты "Алтын адам" табылған болатын. Әкімшілік бақылауға алынған аймаққа тиіспей, құрылысты қорықтан 100 метр қашықтықта жүргізуді жөн көріпті. Оның үстіне бұл жерде мемлекеттің қарамағындағы "Есік" атты тарихи-мәдени мұражай да орналасқан. "Құрылысшылар қазаншұңқырды қазуды бастаған кезде мұражай өкілдері келіп, олардың аймақтарына өтіп кетпеуін бақылауларына болады. Сондай-ақ мұражай жаңа салынған мектепті қамқорлыққа алып, оқушыларға тарихты оқытуға көмектесетін болады", - дейді Құдайбергенов. Құдайбергеновтың айтуынша, Есікте оқу орындарының жетіспеушілігі қатты білінеді екен. "Міндетті түрде мектеп салу керек. Біз күн сайын 1600-ден астам оқушыны басқа аудандардың мектептеріне алып барамыз. Ол үшін алты автобус жұмыс жасайды. Егер жаңа мектеп салатын болсақ, бұл шығынды едәуір азайтатын еді", - дейді орынбасар. Сонымен қатар ол 640 оқушыны қабылдай алатын жаңа мектептің құрылысы 2015 жылы басталатынын қоса кетті. Алдын-ала болжам бойынша мектеп қорғауға алынған аймаққа салынады деп жоспарланған еді. Бірақ, мұндай шешімге археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетов қарсы шыққан. Ол "Алтын адамды" тапқан экспедицияның қатарында болған екен. Ғалымның айтуынша, аудан басшылары жаңа мектепті көбісі әлі зерттелмеген зираттардың үстінен салмақшы болған. Айта кетейік, қорғауға алынған аймақтың шекарасы 2010 жылы бекітілген. Бұл аймақта ескі зираттар мен қалашықтар бар. Дәл осы жерде сақ қорғанынан табылған артефакттарға арналған мұражайда орналасқан. Сол мұражайға атақты қалпына келтіруші Қырым Алтынбаев жасаған "Алтын адамның" көшірмесі қойылған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro