23 маусым 2020 11:50

Есмағамбетова масканы қалай тағу керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Тұрар Қазанғапов Фото: © Тұрар Қазанғапов

Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға масканы қалай дұрыс тағу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға масканы қалай дұрыс тағу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вирус біздің арамызда. Біз вирустың таралмауына жол бермеу үшін профилактика ережелерін сақтау керегін түсінуіміз қажет. Ол үшін кез келген адаммен байланыс жасаған кезде бір метр арақашықтықты сақтауымыз керек. Жабық мекемеде маска тағуымыз шарт", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Сондай-ақ, Айжан Есмағамбетова ел тұрғындары масканы дұрыс тағып жүрмегенін атап өтті.

"Біз масканың дұрыс тағылып жүрмегенін көріп отырмыз. Масканы иекке тағу сізді вирустан қорғамайды", - деді бас санитар дәрігер.

Ол соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар саны неге өскеніне тоқталды. Оның айтуынша, елімізде адамдардың бір-бірімен байланыс жасауы індеттің өршуіне себеп болып отыр.

"Қажетсіз байланыстардан аулақ болыңыз. Бұл бізге ауру жұқтыру дерегін азайтып, күнделікті өмірге тезірек оралуға мүмкіндік береді", - деді Айжан Есмағамбетова.

Еліміздің бас санитар дәрігері наурыз айында Қазақстанда коронавирусты анықтайтын 34 зертхана болғанын, қазір олардың саны 56-ға жеткенін атап өтті. Наурыз айынан бері елімізде тұрғындардан 1,4 миллион ПТР тесті алыныпты.

Айта кетейік, Қазақсанда коронавирус жұқтырғандар саны 18 231-ге жетті. 11 158 науқас жазылды, 127 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети