03 маусым 2019 12:49

Эстрада жұлдыздары Алматыда ауыр дертке шалдыққан балалар алдында өнер көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан Сурет Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан

1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникада ем алып жатқан балаларға арналған "Армансыз күнім болмайды" атты мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникада ем алып жатқан балаларға арналған "Армансыз күнім болмайды" атты мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шараның ұйымдастырушылары - Help Today қоғамдық қоры мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.

Шараның басты мақсаты - ауыр дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау, аты жаман ауруды жеңуге деген сенім ұялату, көңілдерін көтеру арқылы бір сәтке ауруын ұмыттыру, психологиялық қолдау көрсету.

Шараның ашылуында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева мен Help Today қоғамдық қорының жетекшісі Эльмира Алиева балаларға жылы тілектерін айтып, барша қауымды Балалар күнімен құттықтады.

Мерекелік концертке Парвиз Назаров, Айдана Меденова, "Талисман" тобы, Tribal Pro би тобы, Райм мен Артур және тағы басқа эстрада жұлдыздары қатысып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өнер жұлдыздарымен бірге орталықта ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналары өнер көрсетті. Сонымен қатар дәрігерлер де қалыс қалмай, флеш-моб ұйымдастырып, арнайы биін балаларға тарту етті.

Шара барысында орталықта ем алған, ауыр дертті бір емес, екі рет жеңген, ұзақ және қиын жолдан өткен Алин Абдулам сөз сөйлеп, аурумен қалай күрескендігі жөнінде айтып, балаларға жақсылыққа деген сенім тіледі.

Шара аясында балалардың сурет көрмесі өтті. Балалар үшін аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылды. We Art ұйымының еріктілері мен аниматорлары бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, балалармен бірлесе түрлі ойындар ойнады.

Мереке соңында шараға қатысқан балалар мен Сурет байқауының жеңімпаздары Help Today қоғамдық қорының сыйлықтарымен және арнайы дипомдарымен марапатталды.

Айтулы мерекемен сонымен қатар "Бауыржан" қайырымдылық қоры құттықтап, кардиология, онкология және гематология бөлімінде жатқан барша балаға түрлі сыйлықтар үлестіріп, науқас балалардың жүздеріне қуаныш сыйлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети