Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Есту қабілеті нашар мүгедектер "Қазпоштаның" Оралдағы филиалынан еңбекақыларын талап етті

15 Қазан 2014, 19:41
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Есту қабілеті нашар мүгедектерге арналған кәсіпорын кеңселерді жуып-жинаған еңбекақыларын төлемегені үшін Оралдағы "Қазпошта" АҚ филиалымен соттасып жатыр, - деп хабарлайды "Уральская неделя". Арызданушылардың cөзіне қарағанда, өзара келісім бұзылып, бір айлық еңбекақылары төленбеген.

Есту қабілеті нашар мүгедектерге арналған кәсіпорынның директоры Мәлік Көбейсіновтің айтуынша, оның ұйымы "Қазпоштаның" тендерін ұтып алып, қызмет көрсетіп келген.

"Біз өзара шарт жасадық, содан соң жұмыс жасай бастадық. Алайда бір апта өткен соң олар бізбен жұмыс жасауды тоқтататындарын, ал барлық аула сыпырушылар мен кеңсе жинаушыларды лайықсыз жұмыстары үшін жұмыстан шығаратындықтарын мәлімдеді. Әйтсе де, біз бір ай толық істеп шықтық, бірақ күні бүгінге дейін ақшамызды алған жоқпыз", - дейді ол.

"Қалай ғана бір аптаның ішінде біздің қызметкерлеріміз жақсы жуа ма, жаман жинай ма, білуге болады. Неге лайықсыз жұмыс туралы акті немесе ескерту жасалмады. Жалпы, олар біздің қызметкерлерімізді қалай жұмыстан шығарады, егер ол адамдар біздің жұмысшыларымыз болса, әрі олардың штаттарында жоқ болса?", - деп сауал тастайды директор.

Оның айтуы бойынша, "Қазпошта" АҚ-ның әрекеттерінен соң қызметкерлерге еңбекақыны өздері төлеуге тура келген. "Қызметкерлеріміздің 2,5 миллион көлеміндегі жалақыларын өзіміз төлеуге мәжбүр болдық. Енді бұл адамдар жұмыссыз отыр, ал бізде әлі сот жүріп жатыр. Қазір жекеменшіктер де бұлай жасамайды, ал бұл жүз пайыздық мемлекеттік кәсіпорын, олар қалайша өздеріне мұндай ерік береді?!" – деп таусылады ол.

Әзірше екі сот отырысы өтіпті. Арызданушылар ақшаларын қайтарып беріп, қызметкерлерді жұмыстарына қайта орналастыруды талап етеді. Ал "Қазпошта" АҚ-ның өкілдері бұл дауға байланысты өз пікірлерін білдіруден бас тартты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай