25 тамыз 2020 17:24

Еуропаға әуе рейстері қашан ашылатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Еуропа елдеріне әуе рейстері қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Еуропа елдеріне әуе рейстері қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Еуропа елдерінде шектеулер бар екенін айтып өтті.

"Егер елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар азайса, жағдайы осыған ұқсас Еуропа елдерімен тұрақты халықаралық рейстерді қалпына келтіру туралы мәселесі қаралады", - деді ол.

Оның айтуынша, елде коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақты болса, ол мемлекетпен рейстерді қалпына келтіру мәселесі қаралуы мүмкін.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап, Қазақстан 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық рейстерді жандандырды:

  • БАӘ (11 рейс) 17 тамыздан Алматы - Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан - Дубай (5 рейс);
  • Германия (5 рейс) 18 тамыздан Нұр-Сұлтан - Франкфурт;
  • Беларусь (4 рейс) 19 тамыздан Алматы - Минск (2 рейс), Нұр-Сұлтан - Минск (2 рейс);
  • Украина (3 рейс) 19 тамыздан Алматы - Киев.

Ал 12 қыркүйектен Мысырға Алматы - Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша әуе рейстері қайта жанданады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети