1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Эйр Астана" өкілдері неліктен Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салғанын түсіндірді

Әлеуметтік желілерден алынған сурет Әлеуметтік желілерден алынған сурет

"Эйр Астана" әуе компаниясының өкілдері жолаушылардан өз жүгімен бірге Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтпеуді cұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Соңғы оқиғаларға байланысты әуе компаниясының өкілдері жолаушылардан Samsung Galaxy Note 7 смартфондары мен оның құрылғыларын жүкпен бірге алып өтпеуді сұрайды. Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (IATA) хабарламасында Galaxy Note 7 смартфондарының өздігінен жарылып кету қаупі бар екені айтылады. "Эйр Астана" өкілдері жолаушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтап, осы жағдайға түсіністікпен қарайтынына сенеді", - деді әуе компаниясындағылар.