Фармация комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін ұсталды - Ұлттық бюро

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Фармация комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Фармация комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"Антикоррупциялық қызмет Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация Комитетінің және оның өңірлік бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын жүйелі түрде пара алды және фармкомпаниялардың мүддесін лоббиледі деген күдікпен ұстады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, жалпы сомасы 10 миллион теңге болатын параны бірнеше мәрте алды деген күдікпен Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасы Л.Ю.Пак, Павлодар облысы бойынша Фармация департаментінің жетекшісі З.Ш.Қажинова, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Фармация комитетінің бас маманы П.Т.Имамқожаев, Фармация комитетінің бас сарапшысы Д.К.Ибраева ұсталған. 

Бұл лауазымды тұлғалардың қажетті өндірістік және дистрибьютерлік тәжірибе сертификатын бергені үшін заңсыз сыйақы алғаны айтылады. 

Сонымен қатар, "Зерде" ҒӨБ" ЖШС атқарушы директоры Э.М.Жүзбаева пара бергені үшін ұсталған. 

Мұнымен бірге, бұл лауазымды тұлғалар пара алумен қатар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында сатып алынатын препараттардың құнын өсіру жолымен бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

"Соттың санкциясымен Пак, Қажинова, Имамқожаев және Жүзбаева қамауға алынды, Ибраева үйқамаққа алынды", - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer